.RU

Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы

бет1/25Дата22.04.2017өлшемі3.89 Mb. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 25


Қызылорда облыстық мәслихатының

2015 жылғы 10 желтоқсандағы

кезекті 42 сессиясының

№ 323 шешімімен бекітілген


Қызылорда облыстық мәслихатының

2016 жылғы 12 желтоқсандағы

кезекті 10 сессиясының№ 73 шешіміне

сәйкес өзгерістер енгізілген


Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға

арналған даму бағдарламасы

Қызылорда қаласы, 2016 жыл

Мазмұны


1. Бағдарламаның төлқұжаты.......................................................................................................

2. Ағымдағы жағдайды талдау…………………………………………………….....................

2.1. Экономика ……………………………………………………………..................................

2.1.1. Өңірлік макроэкономика ……………………………………............................................

2.1.2. Өнеркәсіп……………………................................................... ……..…............................

2.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен ………………………………………........................................

2.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда ……………………………………………....................

2.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық ……………………………………………..........................

2.1.6. Инновациялармен инвестициялар…………………………………………………..…..

2.1.7. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту.....................................................................

2.2. Әлеуметтік сала ……………………………………….........................................................

2.2.1. Білім беру ……………………………...........………………………………….................

2.2.2. Денсаулық сақтау……………………………………………………................................

2.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау …………………………………………...........

2.2.4. Мәдениет ………………………………………………………………………….............

2.2.5. Дене шынықтыру және спорт ……………………............................................................

2.2.6. Туризм ………………………………………………………………………….................

2.2.7. Үш тілді дамыту ……………………………….…………………………........................

2.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп ……….........................................................

2.3.1.Қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамассыз ету мен құқықтық қорғау .................................

2.3.2. Төтенше жағдайларға қарсы әрекеттің құрылымы ………….........................................

2.4. Инфрақұрылым………………………………………….......................................................

2.4.1. Байланыс және коммуникация………………………………………………..….............

2.4.2. Құрылыс ………………………………………………………………..…........................

2.4.3. Жолдар мен көлік…………………………………………………....................................

2.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ……………………………………….............

2.5. Экология және жер ресурстары………………....................................................................

2.5.1. Қоршаған ортаның жағдайы……………………………………………..….....................

2.5.2. Жер ресурстары………………………………………………….......................................

2.6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер …………….….........................................................

2.6.1. Мемлекеттік қызмет көрсету..............................................................................................

3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты индикаторлар мен оларға қол

жеткізу жолдары..…………………………………………………………………………….

3.1. Бағыт: Экономика …………………………………………..................................................

3.2. Бағыт: Әлеуметтік сала ………………………………….....................................................

3.3. Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп …….................................................

3.4. Бағыт: Инфрақұрылым ………………………………………………..................................

3.5. Бағыт: Экология және жер ресурстары ………………………………...............................

3.6. Бағыт: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер………………………..................................

4. Қажетті ресурстар …………………………………………….................................................



3

9

13



13

17

24



30

33

35



40

46

46



55

60

66



68

70

74



76

76

80



83

83

86



90

98

108



108

114


116

116
119

119

134


145

148


153

156


157

1. Бағдарлама төлқұжаты


Бағдарлама атауы

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

Оны дайындауға

негіздеме


Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған.

2016 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 765,2 мың адам болды (ҚР-ның жалпы халық санының 4,3%, 11 орын), оның ішінде қала халқының саны – 333,7 мың адам (43,6%), ауыл халқының саны – 437,3 мың адам (56,4%).

Облыстың аумағы 226,0 мың шаршы шақырымды құрайды, немесе республика аумағының 8,3% алып жатыр және Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Солтүстік-батысында – Ақтөбемен, солтүстігінде Қарағандымен, шығысында және оңтүстік-шығысында - Оңтүстік Қазақстанның облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекістан Республикасымен шекаралас.

Облыстың құрамына 7 аудан және облыстық маңызы бар 1 қала (Қызылорда қаласы), аудандық маңызы бар 2 қала (Арал қаласы мен Қазалы қаласы), қалалық маңызы бар 2 кент (Тасбөгет және Белкөл кенттері), 142 ауылдық және кенттік округтер, 260 елді мекендері бар.

Облыстың әкімшілік орталығы – 277,8 мың тұрғын халқы бар (облыстың жалпы халық санының 36,3% құрайтын) Қызылорда қаласы болып табылады.

Негізгі су тамыры – облыс бойынша ұзындығы 1274 шақырым құрайтын Сырдария өзені болып табылады.



Бағыттары

Экономика

Әлеуметтік сала

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мемлекеттік көсретілген қызметтер



Бағдарлама мақсаты


Өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

бәсекеге қабілетті өнімді өндіріп өнімнің өсу өндірісін жұмыспен қамтамасыз ету үшін аймақтағы өнеркәсіпті әртараптандыру;

өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және АӨК экспорттық әлеуетін жүзеге асыру;

кәсіпкерлік пен сауданың серпінді дамуын қамтамасыз ету;

тұрақты өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

аймақтың экономикалық секторына инвестицияны ынталандыра отырып технологиялық иновацияны дамыту;

шағын қалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

тіректі ауылдық елді мекендердің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;

қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, жастардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу;

тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру;

тұрақты және тиімді жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру;

шығармашылық даму және тарихи-мәдени құндылықтарды қолжетімді етуге жағдай жасау;

бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын дамыту;

аймақтағы тиімді бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру;

мемлекеттік тілді және тілдердің үштұғырлығын дамыту;

аймақтағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

құрылыс индустриясын дамыту және облыс тұрғындары үшін тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру;

озық көліктік-логистикалық жүйесін қалыптастыру;

өмірлік қамсыздандырылған инфрақұрылымды дамыту;

экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту, аймақтық жер ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету;

облыстың тіректі ауылдық елді мекендердің серпінді дамуын қамтамасыз ету;

халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету.


Нысаналы индикаторлар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі;

халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм;

жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны;

өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі;

өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесі;

өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі;

металл кендерін өндірудің нақты көлемінің индексі;

машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндірудің табиғи көлемінің индексі;

металлургиялық өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі;

машина жасау саласындағы нақты көлем индексі;

2012 жылмен салыстырғанда машина жасау саласындағы еңбек өнімділігі;

өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінің нақты көлемінің индексі;

2012 жылмен салыстырғанда өзге де металл емес өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігі;

өзге де металл емес өнімдер өндірісіндегі экспорттың өсуі;

химия өндірісінің нақты көлемінің индексі;

химия өндірісіндегі еңбек өнімділігі;

өткен жылмен салыстырғанда резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің нақты көлемінің индексі;

жеңіл өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі;

өткен жылмен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіптің еңбек өнімділігі;

ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші;

ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі;

тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның нақты көлемінің индексі;

ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі:

тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі:

мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі;

тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі;

бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі;

сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда нысандарының санын ұлғайту («Бөлшек сауда» қызметі түрімен);

басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша);

басқа облыстың резиденттері мен резиденттер еместерінен сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша);

халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны;

негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі;

шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда);

жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі;

жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту;

әзірленген құжаттар және олар бойынша жарияланған конкурс бойынша оң қорытынды алған МЖӘ жобаларының санын арттыру;

халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны;

шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің саны;

орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау;

жаңғыртылған желілер ұзындығы: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау;

жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау;

жаңадан салынған желілер ұзындығы: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау;

күрделі жөндеуді талап ететін еондаминиум объектілерінің үлесін төмендету;

қалалық желілердегі апаттарды төмендету: сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау;

тұрғын үйлерді пайдалануға беру;

16 тіректі ауылдық елді мекендердегі халық санының өсуі;

жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер сан;

жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі;

мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;

балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен;

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);

мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі;

мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі;

типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі;

мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

аналар өлім-жітімін төмендету 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны;

нәресте өлім-жітімін төмендету 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны;

жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету 100 мың тұрғынға шаққандағы саны;

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде;

жұмыссыздық деңгейі;

әйелдер жұмыссыздығының деңгейі;

жастар жұмыссыздығының деңгейі;

жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі;

жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны;

өндірістік жарақат деңгейі (1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті);

жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша);

еңбек заңнамасының жойылған бұзушылықтарының үлес салмағы (анықталған бұзушылықтарының жалпы санының үлесі);

атаулы әлеуметтік қөмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі;

табысы төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, %;

арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);

жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі;

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: кітапханаға, театрға, концерттік ұйымдарға, мұражайларға келушілер;

дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту;

балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту;

өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орнластыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер);

өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес);

өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі;

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;

жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы;

бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы;

есірткі қылмыстарының жалпы қылмыстардың ішіндегі үлес салмағын азайту;

бірлесіп анықталған есірткі қылмыстарының саны (контрабанда);

есірткі тұтынып жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстардың ішіндегі үлес салмағы;

қылмыстық істі тергеу кезінде есірткі бизнесінің кірістерін заңдастыру (легализация) деректерін анықтау;

бірлесіп анықталған есірткі қылмыстары саны (бақылау тасымалдау тәсілімен);

есірткі затын өткізу қылмыстарының жалпы есірткі қылмыстардың ішіндегі үлес салмағы;

тәркіленген есірткі заттарының салмағы, оның ішінде героин;

төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі;

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы;

интернетті пайдаланушылардың үлесі;

халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі;

құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі;

пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы;

әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі;

жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі;

күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету;

қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау;

ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау;

жаңғыртылған жаңадан салынған желілер ұзындығы: жылумен, газбен, электрмен жабдықтау;

жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен, газбен, электрмен жабдықтау;

су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелер мен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі;

орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі;

ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі;

жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі;

тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту;

экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан);

ластаушы заттардың нормативті көлемі: атмосфераға шығарындылар, су объектілеріне төгінділер;

жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы;

жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы);

табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс);

облыстық тірек ауылдық елді мекендерінде халық санының өсу;

жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.


Қажетті ресурстар

Қаржы көздері (республикалық және жергілікті бюджет қаржылары, мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік несие, мемлекеттік емес несие, шетелдік және отандық тікелей несиелер, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдар немесе донор елдер гранты, екінші деңгейлі банктер несиесі, мекеменің өз қаржысы және ҚР заңдарымен рұқсат етілген басқа да қаржылар)

Қаржыландыру көлемі барлығы – 379 027,5 млн. теңге

оның ішінде:

2016 жыл – 117 547,0 млн. теңге;

2017 жыл – 103 357,5 млн. теңге;

2018 жыл – 77 458,4 млн. теңге;

2019 жыл – 54 742,2 млн. теңге;

2020 жыл – 25 922,4 млн. теңге.


2. Ағымдағы жағдайды талдау


Өңірдің жалпы сипаттамасы

Қызылорда облысы 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының бөлігінен құралған. Облыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында, Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан.

Облыс солтүстік-батысында – Ақтөбе облысымен, солтүстігінде - Қарағанды облысымен, шығысында және оңтүстік шығысында - Оңтүстік Қазақстан облысымен және оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыстың территориясы 226,0 мың шаршы шақырымды немесе Қазақстан Республикасы аумағының 8,3 пайызын құрайды (аумағы бойынша республикада 4 орын).

Облыс құрамына 7 аудан және облыстық маңыздағы 1 қала (Қызылорда қаласы), аудандық маңыздағы 2 қала (Арал және Қазалы қалалары), 2 қалалық және аудандық маңыздағы 142 кенттік және ауылдық округтер, 260 елді мекен кіреді. Облыстың әкімшілік орталығы - Қызылорда қаласы, халық саны 277,8 мың тұрғын, яғни облыс халқының 36,3% құрайды.

Облыс аумағында Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі, Ресей Федерациясына ұзақ мерзімді жалға берілген Байқоңыр қаласы орналасқан. Қала аумағында ресейлік заңдылықтар мен ресейлік валюта қолданылады. Қала тұрғындарының саны 70 мың адам шамасында, олардың 37%-ы Ресей Федерациясының азаматтары, 59%-ы Қазақстан Республикасының азаматтары, 4%-ы басқадай мемлекеттер азаматтары.
1 сурет. Қызылорда облысының картасы

Қызылорда облысында тұрғындар санының тұрақты өсу тенденциясы байқалады. 2016 жылдың басында облыс халқының саны 765,2 мың адам болды (ҚР-ның жалпы халық санының 4,3%, 11 орын), оның ішінде қала халқының саны – 333,7 мың адам (43,6%), ауыл халқының саны – 437,3 мың адам (56,4%).

Қызылорда облысы халқы санының өсуі соңғы үш жылда (2013-2015 жылдар) 38,5 мың адамға немесе 5,3% артты.

Аудандардағы халықтың тығыздығы облыстың орташа көрсеткішінен төмен (1 шаршы шақырымға 3,3 адам), Қызылорда қаласын қоспағанда (1 шаршы шақырымға 115,7 адам) және Жаңақорған ауданында (1 шаршы шақырымға 5,4 адам), мұның өзі облыста халықтың біркелкі орналаспағанын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:

i-monografii-regionalnie-vektori-vneshnej-politiki-respubliki-tadzhikistan.html
i-municipalnih-rajonov.html
i-muzejnih-kollekcij-nahodyashihsya-v-muzeyah-rossijskoj-federacii-stranica-14.html
i-n-bokova-l-v-shinkareva-e-a-lobanova-zav-kafedroj-doshkolnoj-pedagogiki-i-psihologii.html
i-n-danilevskij-poshel-eshe-dalshe-svoego-anglijskogo-kollegi-i-postavil-pered-soboj-zadachu-razvenchat-stoletiyami-slagavshijsya-mif-o-velikom-knyaze-aleksandre-yaroslaviche.html
i-n-denisov-24-noyabrya-2000-g-stranica-3.html
  • lecture.bystrickaya.ru/a-s-pushkin-televidenie-stalo-obshepriznannim-chudom-xxveka-mozhno-nazvat-ego-volshebnim-zerkalom-nomnogieli-pomnyat-kak-ono-vozniklo-kak-nachalas-epoha-televideniya-materialov-poistorii-tvdostatochno-noo-stranica-3.html
  • reading.bystrickaya.ru/mbou-bulgunnyahtahskaya-sosh-imeni-s-p-efremova-mr-hangalasskij-ulus-rsya-za-2011-2012-uchebnij-god.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kompleksnaya-programma-razvitiya-biotehnologij-v-rossijskoj-federacii-na-period-do-2020-goda-stranica-6.html
  • textbook.bystrickaya.ru/kalendarno-tematicheskoe-planirovanie-po-kraevedeniyu-biologicheskoe-7-klass.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/travmatizm-i-profzabolevaniya-osnovnie-polozheniya-bzhd.html
  • literature.bystrickaya.ru/dinamicheskaya-byurokratiya-ili-centr-upravleniya-budushim.html
  • reading.bystrickaya.ru/koncepciya-budushego-sostoyaniya-shkoli-1-strategicheskoe-samoopredelenie.html
  • education.bystrickaya.ru/232-mishechnaya-sistema-i-ee-funkcii-v-i-ilinicha-rekomendovano-ministerstvom-obshego-i-professionalnogo.html
  • write.bystrickaya.ru/eto-odna-iz-drevnejshih-dinastij-o-kotoroj-mi-znaem-ochen-malo-stranica-3.html
  • klass.bystrickaya.ru/arhtektura-ta-storya-stvorennya-najstarshih-unversitetv-vropi-chast-3.html
  • student.bystrickaya.ru/2-obrazovanie-uma-ne-pribavlyaet-stranica-16.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/programma-naimenovanie-disciplini-istoriya-i-teoriya-mirovoj-i-otechestvennoj-arhitekturnoj-kulturi-rekomenduetsya-dlya-napravleniya-podgotovki-270100-arhitektura.html
  • report.bystrickaya.ru/kakogo-cveta-bivaet-krov-ilya-stogoff-revolyuciya-sejchas.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-3-vozmezdie-za-miduej-i-l-bunich-vtoroj-perl-harbor-u-lord-den-pozora.html
  • literature.bystrickaya.ru/dokladi-podlezhashije-rassmotreniyu-stranica-7.html
  • crib.bystrickaya.ru/ispolzovanie-mezhdunarodnogo-marketinga-pri-opredelenii-metodov-vihoda-na-mezhdunarodnij-rinok-obrazovatelnih-uslug.html
  • control.bystrickaya.ru/edinij-tarifno-kvalifikacionnij-spravochnik-rabot-i-professij-rabochih-vipusk-1.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/metodika-eksperimentalnogo-obucheniya-rezultati-eksperimentalnogo-obucheniya.html
  • literature.bystrickaya.ru/dogmaticheskie-sochineniya-2-stranica-3.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/novij-vzglyad-na-mehanizm-shamanskogo-vozdejstviya-sindrom-polyarnogo-napryazheniya-pod-obshej-redakciej-akademika-v.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/programma-provedeniya-dnya-molodogo-izbiratelya-na-territorii-orlovskoj-oblasti-v-2012-godu.html
  • urok.bystrickaya.ru/programma-po-razvitiyu-neftegazovogo-sektora-v-respublike-kazahstan-na-2010-2014-godi-astana-2010-god-stranica-8.html
  • knigi.bystrickaya.ru/rejting-tehnicheskih-i-tehnologicheskih-vuzov-2006.html
  • klass.bystrickaya.ru/abaj-nanbaev-eskendr-poemasi.html
  • notebook.bystrickaya.ru/ispolzovanie-elementov-triz-pri-prepodavanii.html
  • books.bystrickaya.ru/doklad-o-dostignutih-znacheniyah-pokazatelej-dlya-ocenki-effektivnosti-deyatelnosti-organov-mestnogo-samoupravleniya-gorodskogo-okruga-revda.html
  • knigi.bystrickaya.ru/soglasovano-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-anglijskij-yazik-uchebno-metodicheskij-kompleks-sostaviteli.html
  • esse.bystrickaya.ru/provedya-analiz-viyavlennih-nedostatkov-u-nas-voznikli-voprosi.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/sushnost-i-celi-perestrahovaniya.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-ohrana-truda.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-5-efirnoe-telo-osnova-fizicheskogo-zdorovya-zumnij-mir-ili-kak-zhit-bez-lishnih-perezhivanij-izdanie-vtoroe.html
  • bukva.bystrickaya.ru/ostrie-i-hronicheskie-otiti-u-detej.html
  • klass.bystrickaya.ru/5-analiz-raspredeleniya-pribili-i-rezultatov-socialnogo-razvitiya-analiz-finansovo-hozyajstvennoj-deyatelnosti-predpriyatiya.html
  • shkola.bystrickaya.ru/opredelenie-naibolee-effektivnih-form-i-metodov-organizovannoj-prestupnosti-chast-8.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-v-www-zarubezhka-totl-narod-ru.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.